Меню KDT

logo.jpeg?_=1615537950

"№38 мектеп-лицей" КММ
  • kz
  • ru
  • Директордың өмірбаяны



    Муканов Кадиргазы Камалович


    Муканов Кадиргазы Камалович 1973 жылы 15 қырқүйекте ШҚО, Абай ауданы, Шаған селосында дүниеге келді.
    1980-1988 ж.ж. Семей облысы Абай ауданы Тоқтамыс ауылындағы Ж.Молдағалиев орта мектебінің мектебінде, 1988-1990 ж.ж. Семей қаласындағы №16 мектепте оқып орта білім алды..
    Әскери қызметте болмаған. Отбасылы. Төрт ұлы бар.

    Еңбек жолы:
    1990 алғашқы еңбек жолын Семей аяқ киім фабрикасыңда «жүкші» болып бастаған.
    1991 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалык институтына түсіп, «Семей» мемлекеттік университетін «Физика, информатика және есептеу техникасы» мамандығы бойынша 1996 жылы бітірді. Мемлекеттік емтихан комиссиясының 1996 жылғы 27 маусым күнгі шешімі бойынша «Физика, информатика және есептеу техникасы пәндерінің мұғалімі» біліктілігі берілді.
    1996-1997 жылдары Семей қаласындағы «ИНЕР» ЖШС-де инженер программист болып жұмыс істеді.
    1997 жылы Абай ауданындағы Тоқтамыс ауылының Ж Молдағалиев атындағы орта мектепке өз мамандығы бойынша физика, информатика мұғалімі қызметіне кабылданды.
    5.01 - 24.05.2005 Абай аудандық білім және спорт бөліміне әдіскер болып жұмысқа қабылданды.
    25.05.2005 - 3.10.2006 аралығында ШҚО, Абай ауданының білім бөлімінің бас маманы лауазымдық қызметінде жұмыс істеді.
    2006 жылы қазан айында Астана қаласына қоныс аударып, №38 мектеп-лицейіне мамандығы бойынша мұғалім болып жұмысқа қабылданып, 2006-2011 жылдар аралғында оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.
    2013 – 2015 жылдары Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ақпараттық технологиялар факультетінде магистратурада оқып, 2014 жылы 10 күн Братислава экономикалық университетінде ғылыми-зерттеу тағлымдамасынан өтті. 2015 жылы «Ақпараттандыру жағдайында білім сапасын басқаруды ұйымдастыру технологиясы» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын үздік қорғап, «педагогикалық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін алды.
    2015 – 2018 ж.ж. Информатика пәні бойынша Дарын РҒПО орталығында сырттай мектептің жүргізушісі.
    2016 – 2021 ж.ж. Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы жанындағы біліктілік тестілеу бойынша аппеляциялық комиссияның тұрақты мүшесі.
    2016-2021 ж.ж. Оқулық республикалық орталығында жаңа буын информатика оқулықтарының сараптама комиссиясының мүшесі.
    2020-2021 о. ж. Онлайн ТВ сабақтарының информатика пәнінен тәуелсіз сарапшысы.

    Марапаттары:
    Абай аудандық «Жыл мұғалімі-99» байқауында үздік жетістікке жеткені үшін бас жүлде беріліп, дипломмен марапатталды.
    2001 жылы аудандық Информатика пән мұғалімдерінің байқауында жүлделі II орын иеленді.
    2008 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін иеленді.
    2011 жылы Астана қалалық «Жыл мұғалімі-2011» байқауында бас жүлдеге ие болды.
    2020 жылы қазан айында «Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті педагогі» медалімен марапатталды.

    Рухани жаңғыру

    Мектеп сайты ұнайма?

    Дауыс беру

    Пайдалы сілтемер