Меню KDT
KZ / RU
  • Жаңа жылымыз жаңа нұр ала келсін! Қуанышқа құшағымыз тола берсін. Ескі жылымыз есіркеп көкейімізде, Қимас шақтың бірі боп қала берсін!

    Толығырақ
  • Астана қаласы «Ailand» демалыс аквасаябағына мектеп – лицейімізде аз қамтылған отбасылардың балаларын мерекеге орай бір күндік демалысқа жіберілді.

    Толығырақ
  • "Рухани жаңғыру: Отбасы-бақыт мекені" атты семинар-тренинг өткізілді.

    Толығырақ
  • Бүгін мектеп-лицейімізде оқу үшін бағалау: Оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушылардан кері байланыс алу атты қалалық семинар өткізілді.

    Толығырақ

  

Елбасы жолдауы
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
Мектеп директоры

Әзімбай Кәмила Кәрімбердіқызы

 

 

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Толығырақ...
Сенім телефоны

Жастар мен жасөспірімдер және ата-аналарға арналған сенім телефоны

Толығырақ...
 
введите текст

“Қарлығаш” ән- хор үйірмесі

Жетекшісі кудерина Жанар Агзамовна

"Қарлығаш" ән-хор үйірмесініңмақсаты: Жас талантты оқушыларды әншілік өнерге баулу, ән орындаудың  ерекшеліктерін ұғындыру, әнді  кәсіби деңгейде  орындауға тәрбиелеу.

 Міндеті: Әншілік өнерді түсіне, оны сүйе білуге үйретуге; - Ән орындау ережелерін бұлжытпай орындау дағдыларын қалыптастыруға; - Халық әндері мен композиторлық   әндерді құрметтеп,  мақтанышпен сазына келтіре орындауға үйретуге; - Музыка екпіні мен ырғағын түсіне отырып әуен сазды тыңдай білуге; - Ән мазмұнына мән беріп,оны түсіне орындауға үйретуге міндетті

Оқу жылының  басында бастауыш және орта буын оқушыларынан ән орындауға қабілетті оқушыларды жинап үйірме жұмысын жалғастырдым. Үйірме жүргізуге бөлінген сағат саны -3. үйірменің жұмыс кестесі сенбі күнгі  сағат 11.00 мен 15.00 аралығы.

        Бұл сабақтарда оқушылар музыка тыңдау, репертуар таңдау,жаттығу распевкалар жасау,хормен ән айту әдістері мен тәсілдерінен дәріс алады. Сонымен қатар музыка жанрларымен танысып, оның кәсіби түрде орындалуына мән береді. Тыныс алу, ән орындау ережелерінің сақталуына баса көңіл аударылады. Оқушылар шығармаларды фортепиано аспабының сүйемелдеуімен үйреніп, СД дисклермен орындайды. Музыкалық шығармаларды орындау барысында әннің мәтініне баса назар аударып,оның мағынасын түсіне отырып көпшілікке анық, таза жеткізуге үйретемін.Әндерді музыка ырғағымен бірге үйлесімді орындауға қалыптастырамын.

           І жарты жылдықта  кіші топтың жеке ән орындайтын  оқушылары  Қания Аяулым мен Нұрмаханова Әсел  Б. Бейсенованың  “Туған жердей жер болмас”, “Оқуда озат боламын” және “Көбелек” әніндерін үйренді. Ересектер тобының жеке ән орындаушылары : Хамзина Тоғжан “Астана кеші”, Урузбаева Анель “Қазақ вальсі” , Нышанбаев Ануар  “Қазақтай ел қайда”,  Нұршаева Мадина “Туған жердей жер болмас” , Мырзағұлова Айза мен Мамытова Бота  “Қарлығаш”, “Балалық шақтың бекеті” әндерін үйренді. 

         Кіші топтың әншісі Қания Аяулым  қалалық “Отаным деп шырқаймын”  вокалистер конкурсына қатынасып, арнайы дипломмен марапатталды.

          Сонымен қатар 5-7 сынып оқушыларынан құрылған хор ұжымымен қалыпты жұмыс жүргізіледі.  Хор оқушылары  әнді қос дауыста орындауды үйренеді.  Мектептегі өткізілетін концерттік іс-шараларда мектеп хоры үнемі  хор шығармаларын орындайды. “Мектеп әнұраны”,  “Астана кеші” , “Қазақстан Отаным” әндері қос дауыста орындалып жүрген шығармалар. Қазір  ақпан айында өтетін қалалық “Шаттық” дельфилік ойындары конкурсына дайындалудамыз.


Сауалнама
Мектеп сайты ұнайма?

Дауыс беру


Құттықтаймыз!

Фотосуреттер
Біздің жетістіктер
                         



Көрсетілімдер
 
 
"Шаттық - 2015"
Толығырақ...
Мектептегі іс-шаралар
Біздің әріптестер

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год