Меню KDT
  • «Мейірімді жүрек»

    Толығырақ
  • Жалпыреспубликалық бірыңғай іс-шара "Адалдық сағаты"

    Толығырақ
  • Алтын ұя, білімордамыз- 38 мектеп-лицейінің 20 жылдығықарсаңында, Нұр-Сұлтанқаласы Мәдениетжәне спорт басқармасы, күйші Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қорының қолдауымен "Жасөнерпаз - 2019" І қалалық байқауы өтті.

    Толығырақ
  • 2 қараша күндері Назарбаев Университеті базасында «STEM – білім берудегі инновация» атты бірінші Республикалық олимпиада болып өтті.

    Толығырақ

  

Елбасы жолдауы

«Қазақстан Республикасының президенті»

Подробнее... 

Мектеп директоры

Әзімбай Кәмила Кәрімбердіқызы

 

 

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Толығырақ...
Сенім телефоны

Жастар мен жасөспірімдер және ата-аналарға арналған сенім телефоны

Толығырақ...
 
Критериалды бағалауды енгізу
бойынша жұмыс жүйесі

Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі

 

2019-2020 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10-сыныптарда жүзеге асырылады. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды. Критериалды бағалау білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастырудағы оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету, оқытудағы алға басуын көрсету, оқыту нәтижесі бойынша ата-аналарын хабардар ету мақсатында әрбір сабақта бағалау элементтерін қолдану ұсынылады. Бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандырады, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағыттайды. Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.

Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Әр сабақ оқу мақсаттарын айту/көрсету мен оған жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған оқыту мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету керектігін білуі қажет.

Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін оқу материалын қалай игергенін, практикалық дағды қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беретін, нақты анықталған, алдынала танылған критерийлермен салыстыруға негізделген.

Әрбір білім алушы дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды.

Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты, мақсатқа жетудегі дербестікті ұстану маңызды.

Бағалау жүйесі ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Білім алушылардың ата-аналарына бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған практикалық тренинг немесе мастер-класс өткізіледі.

Жиынтық бағалаудың қорытындылары білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылады.

Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек ретінде әзірленген нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарға сәйкес өткізуі тиіс:

- «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы;

– «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;

– Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;

– Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық;

– Негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал;

– Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;

– Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған  

тапсырмалар жинағы;

– Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсынымдама.

Әдістемелік құралдарды nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар.

Мұғалім:

• бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;

• бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);

• бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес) немесе «НЗМ» ДББҰ әзірлеген критерийлерді қолдануы;

• білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;

• үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлеуі;

• сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдану, сондай-ақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі.

Мұғалім білім алушылардың бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын тексеруде және қорытынды балдарын қоюда, соның ішінде оқу тапсырмаларының шарттарын белгілеуде түзетілген жерлерді ескеруге болмайтынын білуі тиіс.

Білім алушылар мен педагогтердің портфолиосын жүргізу міндетті емес.

Назар аударыңыздар! Білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыс дәптерлерін пайдалану міндетті емес.

Оқу жылының қорытындылары бойынша аралық аттестация өткізілмейді.

Бағалау барысында мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды ескерген жөн:

Оқыту мақсаттарының құрылымында білім алушылардың іс-әрекеттері көрсетілген: байқау, талдау жасау, салыстыру, маңызды белгілерді бөлу, тану, анықтау, үлгілеу, түсіндіру және т.б.

Нәтижелерді бағалау критерийлері білім алушыларға дайындық деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарына сәйкес екендігін белгілеуге, мұғалімге оқыту процесіне түзетулер енгізуге, жұмыс күрделілігінің деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өзі таңдап, әзірлей алады.

- тапсырмалар білім алушыға белгілі бір жаңа ақпаратты бере алады, мәселен: «Мәтінді пайдаланып, Арал теңізінің түбі біртіндеп тұз шөліне айналатынын түсіндіріңіз? (4 сөйлемнен көп болмауы тиіс)»;

тапсырмалар білім алушылардың жаңа сұлбаларды жасауын болжайды, мысалы, «Есепті шаманың бірнеше арақатынасына қалыптастырыңыз («көп» немесе «аз» байланыстарын қолдана отырып) және оны шешіңдер».

Критериалды бағалау құралдары

Мұғалімнің ауызша бағалауы белгілі бір оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін көтермелеумен байланысты болуы керек. Баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет. Негативті баға білім алушының ынтасына, жауапкершілігіне, табандылығына ғана қатысты болуы мүмкін. Мұғалімге классикалық сөздермен тоқтап қалмай, сөздік бағалау қорын толықтыру қажет. Бұл ретте білім алушының оқу жетістігіне қарап, эмоционалдық қатынасты, білім алушының табыстары бойынша қобалжуы-алаңдауын көрсетуі қажет. «Бүгін сенде кешегіге қарағанда, өте жақсы шықты», «сенің бұл алгоритмді түсінгеніңе қуаныштымын», «Сенің пікірің қызықты» (болжам, жорамал), «Қандай керемет идея, оқулық авторы бұл туралы ойлаған да емес»,«Есептеу өте қиын болды, бірақ сен алғашқы екі іс-әрекеттерді орындап шықтың», «Сен тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі жолы барлығын өзің жасай аласың», «Сен өте тырыстың және сенде барлығы міндетті түрде орындалады, осылай жалғастыра бер».

Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін:

- білім алушыны бірден мақтаңыз, тіпті болмашы нәтижеге қол жеткізгеннен кейін де мақтаған жөн;

- білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін мақтаңыз;

- оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді, сізге оның жетістігі жағымды екенін айтыңыз.

Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды, содан кейін жаңа міндет қоюға болады.

Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта пайымдауды үйренуі керек.

Мұғалім білім алушыларға өзара әрекеттестіктің, конструктивті қарым-қатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек.

Жазбаша кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді.

Айдарлар үлгілерін мұғалім қалыптастырушы бағалау бойынша кері байланыс беру үшін оқытудың барлық мақсаттарымен құрастыра алады.

Білім алушылар мен ата-аналарды барлық оқу кезеңінде оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі туралы түсінуді қамтамасыз ету маңызды, бұл толтыруға қосымша уақытты қажет етпейтін электрондық нұсқада дайындалған айдарларды ұсыну арқылы мүмкін болады, ал білім алушының оқу материалын меңгерудегі бағалау сипаттамаларының, жетістіктері мен проблемаларының барлық спектрін қамтиды.

Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы жетістіктеріне мониторинг өткізу үшін және сабақта сараланған жұмысты одан әрі тізіп қою, соның ішінде орындалған үй жұмысының қорытындысы және педагогтің жазбаша түріндегі (дәптерлеріне немесе күнделіктеріне) немесе ауызша ұсыныстарына мониторинг өткізу үшін жүргізіледі.

Қалыптастырушы бағалау түрінің ажырамас бөлігі бақылау болып табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар. Бейресми бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ жүреді. Формалды бақылау – мұғалім өзіне қадағаланатын сол немесе өзге де дағдылар қаншалықты дамығанын көру мақсатын қояды.

Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім пайдалана отырып, өз қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері байланысты ұсынудың оң және дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жөн.

4-кестеде оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының деңгейлері, сондай-ақ қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде бағалану қажет даму немесе қалыптасқандығы дәрежесі ұсынылған.

Кесте Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері

 Дағдылар

Сипаттама

Білу

Нақты дəлелдерді, ақпараттарды жəне олардың сипаттамаларын білу жəне еске түсіру

Түсіну

Дұрыс есінде жаңғырту арқылы түсінуін, болжамы немесе ақпаратты интерпретациялауды көрсету

Қолдану

Ақпаратты жəне бұрын алынған білімді жаңа немесе таныс емес жағдаятта немесе контексте қолдану жəне пайдалану

Талдау

Ақпараттық материалды құрамдас бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, себептерді немесе мотивтерді, ой-тұжырымдарды анықтау жолымен əртүрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерттеу, жəне/немесе жалпы ереже-қағидаларды негіздеу үшін дəлелдеме табу.

Синтез

Жаңа контексте бұрын алынған білімнің əртүрлі бөліктерін қайта құру қабілетін көрсету

Бағалау

Белгілі бір критерийлер бойынша идеялар немесе фактілердің маңыздылығы туралы ой-пікір қалыптастыру

 


Сауалнама
Мектеп сайты ұнайма?

Дауыс беру


Құттықтаймыз!

Фотосуреттер
Біздің жетістіктер
                          



Көрсетілімдер
 
 
"Шаттық - 2015"
Толығырақ...
Мектептегі іс-шаралар
Біздің әріптестер

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год