Меню KDT
KZ / RU
  • 25 мамыр күні №38-мектеп лицейінде «Қош бол, алтын ұя мектебім!» жылдағы үрдіспен салтанатты жиын болып өтті.

    Толығырақ
  • Сенбілік

    Толығырақ
  • "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі"

    Толығырақ
  • Бүгін, 8-мамыр күні, мектебімізде 9-мамыр Жеңіс күніне арналған салтанатты мереке өтті.

    Толығырақ

  

Елбасы жолдауы
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
Мектеп директоры

Әзімбай Кәмила Кәрімбердіқызы

 

 

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Толығырақ...
Сенім телефоны

Жастар мен жасөспірімдер және ата-аналарға арналған сенім телефоны

Толығырақ...
 
Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

МЕКТЕП  ТАРИХЫ


 
     № 38 мектеп-лицейі 1999 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған. Мектептің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты. 

Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. №38 мектеп -лицейі шәкірттеріне үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда. Мектебіміз – барлығымыздың мақтанышымыз. Алты-ақ әріптен құралған бұл сөздің құдіреттілігі де сонда жатқан болар.
Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру – мектеп-лицей ұжымының мақсаты, шын жүректі тілегі.
      
Мектепті алғаш ашылған күнінен бастап білгір де білікті басшы «Ы.Алтынсарин», «Тәуелсіздік» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері Қасымбек Жамал Базарқұлқызы басқарып келеді. 
Мектептің ұстаздары қала, республика көлеміне танымал мұғалімдер. 
Мектеп педагогикалық кадрлары жетістіктері қуантарлық.
Атап айтқанда:
«Жыл мұғалімі-2001» Әзімбай Нұржамал – 1 орын;
«Үздік сынып жетекшісі-2003» Бекимова Кенжегүл Төкенқызы - 1 орын;
«Үздік сынып жетекшісі-2004» Нүсіпжанова Жеңісгүл Темірханқызы ІІ орын
«Жыл мұғалімі – 2005» байқауында Уали Катаин – 1 орын;
«Жыл мұғалімі – 2006» байқауында Жанабаева Гүлмира Жангелдіқызы - бас жүлде, республикада 2 орын;
«Дарынды оқушыға – талантты мұғалім - 2005» Нұрпейсова Ләзат - 1 орын; 
«Дарынды оқушыға – талантты мұғалім - 2006» Әлімбетова Мереке - 1 орын;
«Дарынды оқушыға – талантты мұғалім - 2007» Күзембай Данияр - Гран при, Республикалық байқауда – Гран при;
«Дарынды оқушыға – талантты мұғалім - 2008» Құрманғалиева Әсел – 2 орын; Үздік мұғалімдер құрмет тақтасы.
Мектептің дебат клубы 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары республикада «Үздік спикер» номинациясын жеңіп алды.
Санкт-Петербург қаласында 2003, 2004 жылдары өткен Халықаралық жаңашыл мұғалімдердің ғалыми практикалық конференциясында орыс тілі пәні мұғалімі Шаймарданова Қ.С іс-тәжірибесін насихаттады.
2003 ж. «Қалалық педагогикалық шеберлік» байқауында химия пәні мұғалімі Ғазиева Ж.Қ - 1 - орын;
Қалалық «Оралхан Бөкей оқулары» байқауында Нұрпейсова Л, Ерназар Ш, Әлімбетова М, Тлеубаева Ж - жүлделі орындарға ие болды.
2003 ж Республиканың үздік мұғалімдерімен мемлекеттік хатшы – И.Н.Тасмағанбетовпен кездесуде - Астана қаласының делегаты;2004 ж. «Қалалық химия пәні мұғалімдерінің олимпиадасында» - 2 –орын; 2005 ж Бішкекте өткен Мұғалімдердің халықаралық конгресінде баяндама жасады.
«Үздік тыңдаушы 2007» конкурсында Мұқанов Қ.К жеңімпаз атанды; 2007 ж. Информатика пәні мұғалімі Есенова Л.Т Microcoft компаниясының жоба сайысында республика көлемінде «Үздік жоба» номинациясы; 
2008 ж. Хорватияда өткен Халықаралық инновациялық мұғалімдер форумында Есенова Л.Т «Үздік жоба» иегері атанды;
      
2007 ж. мектеп директоры Ж.Қасымбек Белоруссияда Минск қаласында тәжірибе алмасып қайтты.2007 жылы Франция мемлекетімен тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан делегациясы құрамында мектеп директоры Ж.Б. Қасымбек іссапарда болып қайтты;2008 жылы мектеп директоры Ж.Б. Қасымбек - Сингапур елінің іс-тәжірибесін Қазақстанға енгізу мақсатындағы делегацияны басқарып барды
2008 жылы «Үздік сынып жетекшісі - 2008» байқауында қазақ тілі пәні мұғалімі Дүйсенова Н.Ж. 3 орын иеленді.
2009 жылы қазақ тілі пән мұғалімдерінің қалалық байқауында Жұрымбаева Ж.С. бас жүлдеге ие болса, «Халық қазынасы – сарқылмайтын бұлақ» байқауында 2 орынды иеленді.2009 жылы қалалық «Абай оқулары» байқауында Дүйсенова Н.Ж. жүлделі ІІІ орынға ие болды.2008, 2009 жылдары аралығында қалалық «Жас жол инспекторлар» сайысында 2 орын.2009 жылы қалалық «Сапта жүріп, ән айту» сайысы 2 орын. Мектепте «ұстаз» деген аулы аттың туын көтеріп, аянбай, қажымай еңбек етіп келе жатқан Жұрымбаева Ж.С., Ерназар Ш.Қ., Шаймарданова Х.С., Андыбаева Г.Т., Усейнова С.М., Уразбекова А.К., Газиева Ж.Х., Дүйсенова Г.К., Есенова Л.Т., Туитина З.К., Ибраимова Ф.Б., Асанова Л.С., Наби Е. Сынды мұғалімдерді зор мақтанышпен айтамыз.
№ 38 мектеп -лицейінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы «Мектеп парламенті», «Жарық» ғылыми қоғамы, сонымен қоса тәрбие саласындағы бірнеше үйірмелер жұмыс істейді. Атап айтар болсақ: «Қызғалдақ» сырласу клубы, «Аталар» мектебі, «Аналар» мектебі, «Заңгер» клубы, «Жас жол инспекторлар» отряды, «МТА» мектеп телеарнасы, сарбаздар клубы, экологиялық десант, «Айналайын» ән ансамблі, «Ерке» би ансамблі, ұлт аспаптар оркестрі. Осы жерде «Айналайын» ән ансамблінің жетістіктерін ерекше атап өткен жөн. Ән –күй пәнінің мұғалімі Жаңабаева Гүлмира Жангелдіқызы басқаратын бұл үйірме қалалық, республикалық, халықаралық байқаулардан жүлделі орындарға ие болып, мектебіміздің мерейін асқақтатып жүр.Жас ұрпақтың жан-жақты, өркениетті, зиялы азамат болып жетілуі мұғалімнің білімділігі мен біліктілігіне тікелей байланысты екені белгілі. Сондықтан мектептің материалдық –техникалық базасы, пән кабинеттері қазіргі замануи жетістіктермен жабдықталған, 10 интерактивті тақта бар. Жаңа технологиялық сұраныстарға сәйкес жабдықталған кітапхана және интернет қызметі мектеп ашылған күннен бастап жүйелі жұмыс істеуде. Бұдан басқа «Жасыл бұрыш» кабинеті, «12 жылдық білім беру» «мектепалды эксперименттік алаңы», «өзін-өзі тану», психологиялық қызмет кабинеттері жасақталған. 
«Ұстаздық –ұлы қызмет» деп жазушы Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай мектептің ұстаздары үлкен жауапкершілік сезімімен оқушыға тиянақты білім беріп қана қоймай, таусылмас қажыр қайрат жұмсай отырып, өсіп келе жатқан ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, жоғары өнегелі қасиеттерге баулып, білім берудегі жаңа міндеттерді шығармашықпен іске асырып келеді.

Осындай нәтижелі еңбектің арқасында мектептің оқушылары түрлі дәрежедегі олимпиадаларда жеңіске жетіп, мектептің абыройын асқақтатып жүр. Мектепте білім алатын оқушылардың жетістіктері де ұшан теңіз. Мысалы, қалалық ғылыми жоба жарысының жеңімпазы - 117, республикалық ғылыми жоба сайысының жеңімпазы - 34 және 7 оқушы халықаралық сайыстардың жеңімпазы атанды. Ғылыми жоба жеңімпаздарының құрмет тақтасы.
2005-2006 оқу жылында мектеп оқушыларының командасы ”Үздік олимпиадалық команда” атанды.
2007- 2008, 2008- 2009 оқу жылдарында интеллектуалды сайыстар қорытындысы бойынша «Астана Дарыны» ауыспалы кубогын жеңіп алды. 
2005-2006 оқу жылында «Жыл оқушысы 2005» байқауында Тоқболатов Руслан Гран-приге ие болды.
2006-2007 оқу жылында «Жыл оқушысы 2006» байқауында Қасымбекова Мөлдір Бас жүлдені иеленді
«Жыл оқушысы 2007» байқауында Таутанов Ернұр бас жүлдеге ие болды
«Жыл оқушысы 2008» байқауында Қадырбаева Айнұр бас жүлде иеленді. Жыл оқушылары бетіне өту.
ҰБТ көрсеткіші бойынша № 38 мектеп –лицейі алдыңғы орында тұр.
Мектеп-лицей түлектері ұлттық бірыңғай тесттілеуде толық қатысып, жыл сайын жоғарғы көрсеткіш көрсетіп келеді.Бұл педагогикалық ұжымның сапалық еңбек ету нәтижесі. Алтын ұя мектебіміз 2007-2008 оқу жылының қорытындысы бойынша, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің жетістігі үшін, Астана қаласы әкімі И.Н.Тасмағанбетовтің «Алғыс хатымен » марапатталды,2008-2009 оқу жылының қорытындысы бойынша, 2009 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде «Мектеп бітірушілердің орташа балы жоғары болған 100 мектеп» қатарына қосылғаны үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ж.Қ.Түймебаевтың құттықтау хатына ие болды
Мектеп ұжымының нәтижелі еңбегі Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің “БОЛАШАҚ” бағдарламасына үлес қосуы . Мектеп түлектерінің әлемнің 14 мемлекетінде (шет елдерде) 50 –ге жуық түлектің білім алуы осыған дәлел болуда.
Оқушылардың жетістіктерімен қатар, 2001-2002 оқу жылында мектеп республика бойынша «Таңдаулы мектеп -2001» номинациясын жеңіп алды. 
2006-2007 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік мектеп 2007» атанып, Астана қаласының әкімі А.Ұ.Маминнің грантын иеленді.
2007 – 2008 2008 – 2009 оқу жылдарында интеллектуалды сайыстар қорытындысы бойынша «Астана дарыны» ауысалы кубогын жеңіп алды

2007-2008 оқу жылында жыл қорытындысы бойынша, «Үздік мектеп -2008» атанып, қала әкімінің грантын, мектеп сыйлыққа ГАЗЕЛЬ автомашина көлігін және 10 мұғалім әкімнің бұйрығымен елу пайыздық үстеме ақыға ие болды. 
Мектеп-лицейдің 400-ден астам түлегі мемлекеттік грант иегері атанды. Оның ішінде «Болашақ» бағдарламасымен әлемнің 11 мемлекетінде 60-қа жуық түлек білім алуда.  ҰБТ қорытындысы бойынша оқушылар жоғары ұпайларды  иеленіп, келеді, соның ішінде 2004-2005 оқу жылында  Өмірзақ Манас 125 бал жинаған болатын.
Қалалық ғылыми жоба жарысының жеңімпазы-111, республикалық ғылыми жоба сайысының жеңімпазы-27 және 4 оқушы халықаралық сайыстардың жеңімпазы атанды.
Ал мұғалімдеріміздің ішінде Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері-1,
Құрмет орденінің иегері-1, Ы.Алтынсарин медалінің иегерлері -3, Тәуелсіздікке 20 жыл- 5, Білім беру ісінің құрметті қызметкерлері-16, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегерлері-11.
Инновациялық технологияларды меңгеру бойынша мектеп-лицейде жоғары және І санатты мұғалімдер 69 пайызды құрайды. АКТ-мен жұмыс істейтін мұғалімдер 62 пайыз, ал Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша 2013 ж. аяғына дейін 25-ке жуық мұғалім деңгейлік курстан өтеді. Мектеп-лицейде «Креатив» атты шығармашылық топ жұмыс істеуде.
Елбасымыз Н.Назарбаев: «Инновациялық технологиялардың жетістіктері-қазіргі қоғамның сұранысына сай, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде негіз болу керек»,-деген болатын.
2001-2002 оқу жылында мектеп республика бойынша «Таңдаулы мектеп-2001» номинациясын жеңіп алса, бірнеше оқу жылы қатарынан «Үздік мектеп-2007, 2008, 2009» атанып, қала әкімінің грантына ие болды. Мектеп-лицейдің 50 пайыз ұстаздарына қосымша үстемақы қосылды.
Мектебіміз 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша «Көшбасшы мектеп» атағын жеңіп алса, 2012-2013 оқу жылы Астана қаласының «Үздік мектеп – 2013»  атағын жеңіп алды.
Педагогикалық ұжым алыс, жақын шетелдермен тәжірибе алмасып отырады. Москва, Санкт- Петербург, Минск қалаларының білім ұйымдарымен кәсіби байланыста. Сондай-ақ Қазақ Мемлкеттік университетімен, Рысқұлов атындағы экономика универсиетімен келісім шарт жасалса, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен меморандум негізінде жүйелі жұмыс жасауда. Сонымен қатар, мектеп-лицей төрінде қазақтың белгілі қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, ақындар Мұхтар Шаханов, Ақселеу Сейдімбеков, Қанипа Бітібаева, Сейіт Кенжеахметов, Фариза Оңғарсынова, Оразгүл Асанғазықызы, Қалқаман Сарин сияқты танымал жандармен кездесулер ұйымдастырылған болатын.


Бұл мақтауға да, мақтануға да тұрарлық білім ордасы.


Сауалнама
Мектеп сайты ұнайма?

Дауыс беру


Құттықтаймыз!

Фотосуреттер
Біздің жетістіктер
                         



Көрсетілімдер
 
 
"Шаттық - 2015"
Толығырақ...
Мектептегі іс-шаралар
Біздің әріптестер

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год