Меню KDT

logo.jpeg?_=1615537950

"№38 мектеп-лицей" КММ
  • kz
  • ru
  • Ата-аналарға психолог кеңесі

     


    • БАЛАНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА БЕЙІМДЕЛУІ: 
      ата-аналарға кеңестер
      Бірінші кеңес:балаңызға  көңіл  бөлу  - бұл  сіздің  негізгі  мақсатыңыз.
      Шыдамды болыңыз:оның мектеп туралы әңгімелерін мұқият тыңдаңыз, нақтылайтын сұрақтар қойыңыз.
      Есіңізде болсын:Сізге елеусіз болып көрінуі мүмкін нәрсе  Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз үшін сол күні болған ең толқулы  оқиға болуы мүмкін!
      Балаңызды мұқият тыңдай отырып, сіз балаңызға сіздің көмегіңіз не үшін қажет екенін, мұғаліммен не туралы сөйлескеніңіз туралы, мектеп  алдында онымен қоштасқаннан кейін баламен не болып жатқанын түсіне аласыз.

      Есіңізде болсын, әрқашанда, қандай жағдайда  болсада  біздің сүйіспеншілігіңізді қажет етеді.
       
      Екінші кеңес:балаңыздың бойында оның мектеп оқушысы боламын деген ұмтылысын қолдаңыз, оқимын деген ниетін дамытыңыз және құптаңыз.
      Балаңыздың мектептегі істері мен шаруаларына өзіңіздің шын ниетпен қызығушылығыңызды білдіріңіз.
      Оның жетістіктерін айтып отырыңыз, мақтауға сараң болмаңыз. Оның әрбір жұмысынан міндетті түрде оны мақтауға тұрарлық нәрсе табыңыз.

      v  Есіңізде болсын: мақтау мен эмоционалдық қолдау («Жарайсың!», «Сен сондай жақсы орындадың!»), баланың зияткерлік жетістіктерін айтарлықтай арттыра алады.
             Үшінші кеңес:балаға жаңа өмір режиміне дағдылануға көмектесіңіз.
      -Баламен мектепте кездестірген ережелер мен нормаларды талқылаңыз.Олардың қажеттілігі мен жөнділігін түсіндіріңіз.
      -Балаңызбен бірге күн тәртібін құрыңыз, оның сақталуын қадағалаңыз.
      Күн тәртібінің бірінші сынып оқушысының өмірінде маңызы ерекше. Балада жаңа міндеттер пайда болды, олар баладан үлкен жинақылықты, тәртіптілікті талап етеді - күн тәртібі еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, өмірдің жаңа жағдайларына үйренуге көмектеседі.
      -Күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін қозғалыс белсенділігімен, әрекеттің зияткерлік және физикалық түрлерін алмастырып тұру қажет.
      -Компьютерде ойын ойнау және қаралатын телебағдарламалардың санын қысқартыңыз және сапасын қадағалаңыз.
      -Баланың үй тапсырмаларын орындау ұзақтығын (бірінші сыныпта -    1-1,5 сағат, оған оқу да кіреді), сондай-ақ ұйқы уақытын (толыққанды демалу үшін ұйқы тәулігіне 9-10 сағаттан кем болмауы керек) бақылаңыз.

      Төртінші кеңес:баланың мектептегі шаруалары мен қиындықтарына қатысты сабыр сақтай біліңіз.
      Бала мектептен келгенде - оны сұрақтың астына алуға асықпаңыз, оған демалуға мұрсат беріңіз. Егер оның ренжіп тұрғанын көрсеңіз, кейінірек байсалды әңгіме үстінде оның мазасыздығының себептерін  сұрап білген жөн. 
      Есіңізде болсын: бала үшін бір нәрсе істей алмау, бірдеңені білмеу - бұл қалыпты жағдай.

       
      Оның балалығы да осында - ол үшін жазғыруға болмайды. Кінәлау баланың өзін-өзі бағалауын төмендетеді, оны өзіне деген сенімділіктен айырады.
      Сіздің балаңыз мектепке оқу үшін келді, бірден бәрін орындап кете алмауы мүмкін, солай болуы да тиіс.

      Ата-анасын сабырлы және сенімді жағдайда көрген бала мектептен қорқудың қажеті жоқ екенін сезінеді.
      Бесінші кеңес:балаңызға құрдастарымен байланыс орнатуға және өзін сенімді сезінуге көмектесіңіз.
      Балаңызды көпшілдігі үшін мақтаңыз, оның мектептегі жаңа таныстықтарына қуанышыңызды жеткізіңіз.
      Онымен өз құрдастарымен араласу ережелері туралы сөйлесіңіз, балаңызға басқалар үшін қызықты болуға көмектесіңіз.
      Достарына көрсете алуы үшін, оған жаңа ойындар үйретіңіз.
      Балаңыздың мектептегі жолдастарын қымбат ойыншықтармен және киіммен «сатып алудың» қажеті жоқ.  Осылайша сіздің балаңыз басқаларға жай ғана керек болуды үйренеді. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптастарының қызғанышына және жақтырмаушылығына ұшырауы мүмкін.

      Өзіне сенімді, көпшіл  балақай кез келген жағдайға тезірек және сабырмен бейімделеді.
      Алтыншы кеңес:балаңыздың мектептегі жетістіктеріне қатысты даналық таныта біліңіз.
      Балаңызды мектеп күнделігіне қосымшаға айналдырмаңыз. Мектептегі жетістіктер, сөзсіз, маңызды. Бірақ бұл балаңыздың бүкіл өмірі емес.
      Мектептегі баға - баланың осы сәттегі осы пәннің осы тақырыбы бойынша білім көрсеткіштері. Ол баланың тұлғасын сипаттамайды!
      Өз балаңызды басқа оқушылармен салыстырмаңыз.
      Балаңызды мектептегі жетістіктері үшін мақтаңыз және есіңізде болсын, ешқандай да «бестіктер» саны балаңыздың бақытынан маңызды бола алмайды.
      Балаңыздың алғашқы сәтсіздіктеріне барлық үмітіңіздің күйреуі ретінде қарамаңыз.

      Есіңізде болсын: Сіздің балаңызға оған деген сеніміңіз, парасатты көмегіңіз бен қолдауыңыз қажет.
       
      Жетінші кеңес:балаңызға бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында көп міндет жүктемеуге тырысыңыз.
      Бала мектептен келісімен бірден оны сабағын дайындауға отырғызуға болмайды. Оған 2-3 сағат демалыс беріңіз немесе, мүмкін болса, 1,5 сағаттық күндізгі ұйқысын ұйымдастыруға тырысыңыз.
      Балаңыз сабақтарын орындағанда, қасына келіп төніп тұрмаңыз.
      Оларды өзі орындасын! Сіздің ісіңіз орындау емес, көмектесу.
      Мүмкін емес нәрсеге қол жеткізуге тырыспаңыз!
      Балаларыңызды қосымша сабақтарға: музыкаға, шет тілдеріне, бассейнге,мәнерлеп сырғанауға, кескіндемеге және т.б. үйірмелерге беріп, олардан «вундеркинд» шығаруға тырыспаңыз.
      Сабақтардың уақыты бойынша да, саны бойынша да ұтымды мөлшерлеме табыңыз.
      Бұл жерде асыра сілтеу оңай. Балаңыздың қалауына қарай әрекет етіңіз. Оны мәжбүрлеуге, күштеп орындатуға емес, қызықтыруға, еліктіруге тырысыңыз.

       
      ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!
       
      Сіздің балаларыңыз - сіздің өміріңіздің басты басымдығы және сіздің ең жоғары қуанышыңыз екенін есте сақтаңыз!

       
      Есіңізде болсын, сіздің балалар сіздің үйіңізде тек сіздің өміріңіздің төрттен бір бөлігі болады.

       
      Есте сақтаңыз - өз балаларынызға қуануыңыз керек!

       
      Есіңізде болсын-бұл тәрбие-бұл сіз бір кездері орындауға тура келетін барлық маңызды жұмыс!

       
       
       
       
       





















     

    Рухани жаңғыру

    Мектеп сайты ұнайма?

    Дауыс беру

    Пайдалы сілтемер