Меню KDT
KZ / RU
  • 25 мамыр күні №38-мектеп лицейінде «Қош бол, алтын ұя мектебім!» жылдағы үрдіспен салтанатты жиын болып өтті.

    Толығырақ
  • Сенбілік

    Толығырақ
  • "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі"

    Толығырақ
  • Бүгін, 8-мамыр күні, мектебімізде 9-мамыр Жеңіс күніне арналған салтанатты мереке өтті.

    Толығырақ

  

Елбасы жолдауы
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
Мектеп директоры

Әзімбай Кәмила Кәрімбердіқызы

 

 

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Толығырақ...
Сенім телефоны

Жастар мен жасөспірімдер және ата-аналарға арналған сенім телефоны

Толығырақ...
 
введите текст

«Сарбаздар» патриоттық клубының Жарғысы 

 1.Жалпы ереже.

 «Сарбаздар»  патриоттық клубы Астана қаласындағы №38 мектеп – лицейінде 2011 жылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру және оларды әскери қызметке даярлау мақсатында құрылған.

             Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты -  “қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.

            Еліміздің алдыңғы қатарлы  50 мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы,  бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану  үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады.

Клуб ұраны: «Еліміздің  көк байрағын көтерер, Сарбазымыз ел намысын жетелер!»

Сарбаздар маршы
  Клуб әнұраны:
Сөзі: Қ.Смағұл
 Әні: Қ.Сәтиев        
                                            
 Қырандай түлеп ұшқан арманымыз
 Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.
 Ант алып ар алдында сапқа тұрып,
 Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.
   
        Алға бас, қарышта, жас ұлан,
         Қанаты талмайтын, жас қыран.
         Жастықтың жігері бойында,
         Өзендей күші бар тасыған.
   
Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,
Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.
Дұшпанға қатал болған, досқа берік,
Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.
 
         Алға бас, қарышта, жас ұлан,
         Қанаты талмайтын, жас қыран.
         Жастықтың жігері бойында,
         Өзендей күші бар тасыған.
  
 Қара жер қаны сіңген бабалардың
 Қорғауға шақырады балаларын.
 Сапқа тұр, сарбаздары туған елдің,
 Қиынға қайыспайтын қара нарым.
 

        Алға бас, қарышта, жас ұлан,

        Қанаты талмайтын, жас қыран.

        Жастықтың жігері бойында,

        Өзендей күші бар тасыған.

 

«Сарбаздар» патриоттық клубының анты
  Мен, №38 мектеп-лицей оқушысы (тегі, аты, әкесінің аты)  «Сарбаздар» патриоттық клубына кіре отырып ант қабылдаймын. 
 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін және салт дәстүрін құрметтеуге салтанатты түрде ант етемін.
 Ұзтаздарды сыйлауға және мектеп ішілік тәртіпті қатаң сақтауға салтанатты түрде ант етемін.
                 Мектепте өтілетін барлық жұмыстарға белсене араласуға, үлкендерді сыйлауға, тәртіпті болуға, «Сарбаздар»  патриоттық клубының атына кір келтірмеуге  ант беремін.
                Өз Отанымның ержүрек  әрі батыл қорғаушысы болуға дайындалумен қатар, әрдайым ізденуге, оқуда үздік болуға, Отанымның патриоты болуға ант етемін.
                Егер мен өзім қабылдаған антымды бұзсам, онда мен «Сарбаздар» патриоттық клубының мүшелігінен шығуға  дайынмын.

 

2.Клуб мақсаты:

        Сабақтан тыс уақытта клуб жұмысы арқылы оқушылардың Отанға деген  сүйіспеншілігі мен азаматтығы негізінде, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру.

 

 3.Клуб міндеттері: 

 

Міндеттер:
Іске асыру жолдары
Жастарды әскери борышын өтеуге – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге даярлау.
АӘД сабақтарында және «Сарбаздар» патриоттық клубы жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Отансүйгіштік, адамгершілік, білімге құштарлық, тәртіптілік, эстетикалық сезімін тәрбиелеу.
Мәдени-көпшілік іс-шараларға , жазғы лагерлерге оқушыларды көптеп қатыстыру.
Жастар мен армия арасындағы өзара байланысты нығайту.
Кездесулер ұйымдастыру, қалалық  әскери іс шаралара қатыстыру,
Белгілі тұлғалардың ерлік жолдарын үлгі ету.
Мұражайларға саяхат, тұлғалармен кездесу кеші, тәрбие сағаттары;
Еліміз тарихының жарқын беттері және мерекелік даталарда ұлтжандылыққа үндеу.
Атаулы күндері атап өтуге байланысты іс-шаралар .
Өзін-өзі бақылаудың ішкі механизмін, өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру
-                      Клуб ішіндегі қарым-қатынас дәстүрлі «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!» принципіне негізделген өзара сыйластық, өзара көмек жағдайы.

 

 

4. Клуб жұмысының негізгі бағыттары.
 
  • ·Еліміздің жауынгерлік дәстүрі, жауынгерлік борыш, әскери мамандықтар туралы әңгіме, баяндама, теориялық конференциялар ұйымдастыру ;
  • ·мектепте жауынгерлік және еңбек даңқы залын, көрмесін, мұражайын ұйымдастыру;
  • ·оқушыларды батырлар өмірі мен ерлігі үлгісінде тәрбиелеу ;
  • ·соғыс және еңбек ардагерлерімен, жауынгерлермен кездесулер өткізу ;
  • ·соғыс ардагерлеріне, мүгедектеріне тұрақты қамқорлық жасау ;
  • ·әскери-патриоттық тақырыпта шығарма, әңгіме, сурет, ән байқауларын өткізу;
  • ·әскер-спорттық ойындар , жарыстар өткізу;
  • ·әскери техникалар мен қару-жарақтарды тереңдетіп оқып-үйрену арқылы оқушылардың ғылыми жұмысымен шұғылдану, «Дарын» орталығы өткізетін ғылыми жоба байқауына «Техника» сециясы бойынша қатысу;
  • ·қала, республикалық әскери-спорттық жарыстарға қатысу.

 

 

«Сарбаздар» патриоттық  клубында басты тақырыптары:
 
-        Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы.  Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі.
-        Отанды қорғау-мемлекеттің маңызды қызметі.
-        Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттік орны.
-     Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік туы.
-      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету – патриотизм мен интернационализм мектебі.
-       Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері.
-      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары.
-     Ата-баба дәстүріндегі Отан қорғауға деген қарым-қатынасты өркендету. Қарулы Күштер тарихын, ата-бабамыздың ерлік мұрасын оқып-үйрену .
-   Төзімділікті арттыру, шынықтыру. Дене тәрбиесінің оқу бағдарламасына сәйкес клубтың әрбір мүшесінің жеке даму ерекшеліктерін, қабілеті мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізу.
-     Түрлі байланыстар, біріккен іс-шаралар өткізу арқылы жастардың бос уақытын толыққанды әрі мазмұнды өткізуді қамтамасыз ету. 

5. Клуб мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері.

 

Клуб бағдарламасымен шұғылдануға тілек білдіруші, оның дәстүрлеріне сыйластықпен қарап, бағдарламасын бұлжытпай орындайтын 5-11 сынып оқушылары клуб мүшесі бола алады.

 

 Клуб мүшелері құқылы:

- клубтың материалдық базасы мен потенциалын пайдалана отырып клуб бағдарламасымен және оның жекелеген түрлерімен шұғылдануға;

- әдістемелік және практикалық көмек, сондай-ақ сабақ барысында қажетті білім алуға;

- клубта өткізілетін барлық іс-шараларға қатысуға;

- қалада, республикада өткізілетін жарыстарға команда құрамында, сондай-ақ дербес қатысуға;

- клуб жетекшісінің құзырына кіретін қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты жетекшіден көмек сұрауға;

- клубтың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге көмектесуге;

- клубтан өз еркімен шығып кетуге.

Клубтағы  патриоттық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін, спорттық және басқа шараларда жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін клуб мүшелері моральдық және материалдық марапаттау түрлерімен атап өтіледі.

 

Клуб мүшесі міндетті:

- бекітілген тәртіп пен ережелерді бұлжытпай орындауға;

- сапалы оқып, саналы тәрбие алуға, басқаларға үлгі болуға, клуб бағдарламасын қатаң сақтап бұлжытпай орындауға, клуб жұмысының алға басуына көмектесуге:

- клуб беделін арттырып, онда жолдастық ахуал орнауына көмектесуге;

- барлық іс-шараларға тұрақты түрде қатысуға.

 

6. Моральдық және материалдық марапаттау түрлері.

Клуб мүшелерін моральдық және материалдық марапаттау, олардың белсенділігін арттыру мақсатында ынталандырудың мынадай түрлері қолданылады:

- алғыс жариялау;

- құрмет тақтасына енгізу;

- бағалы сыйлықпен марапаттау.

 

7. Оқу-материалдық база.

- пән кабинеті;

- спорт залы, алаңы;

- пневматикалық мылтықтар;

- автомат макеттері;

- оқжатарлар;

- дербес қорғаныс құралдары;

- көрнекі құралдар, макеттер.


Сауалнама
Мектеп сайты ұнайма?

Дауыс беру


Құттықтаймыз!

Фотосуреттер
Біздің жетістіктер
                         



Көрсетілімдер
 
 
"Шаттық - 2015"
Толығырақ...
Мектептегі іс-шаралар
Біздің әріптестер

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год