Меню KDT

logo.jpeg?_=1615537950

"№38 мектеп-лицей" КММ
  • kz
  • ru
  • Үйірме жұмыстары

    Нұр-Сұлтан қаласы                                                         
    №38 мектеп-лицейі
    Үйірме және қосымша білім беру жұмыстары бойынша
    АНЫҚТАМА
    Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін  дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді кешенді жүзеге асыру үшін мектебімізде тегін 13 үйірме, спорттық 4 секция және ақылы түрде қосымша білім беру курстары мен пән мұғалімдерінің үйірмелері жұмыс жасайды.
    Үйірмелерге бөлінген сағат саны мен оқушылар саны бойынша ақпарат

    Атауы

    5-9 сынып

    Оқушы саны

    Жауапты мұғалім

    1

    Global Scholars

    3

    20

    Ермаханова Айдана

    2

    STEM-оқыту

    4

    32

    Муканов Қадырғазы

    3

    CA Cisco

    3

    12

    Муканов Қадырғазы

    4

    Юный корреспондент

    10

    125

    Әзимбай Камила

    5

    Робототехника

    3

    15

    Тулегенова Айгерім

    6

    Робототехника

    3

    23

    Мамырханова Шынар

    7

    Эмоционалды интеллект

    7,5

    108

    Мейркулова Назгүл

    8

    Вокал

    3

    30

    Қазмағамбетова Ардақ

    9

    Қылқалам

    3

    19

    Салимгожинова Жанна

    10

    Асыл мұра

    7

    23

    Салимгожинова Жанна

    11

    Шебер қолдар

    3

    15

    Салимгожинова Жанна

    12

    Қолөнер

    2

    20

    Салимгожинова Жанна

    13

    Хореография

    3

    8

    Болат Әйгерім

    14

    Тоғызқұмалақ

    3

    24

    Қасқырбаева Гульзада

    15

    Баскетбол

    4

    11

    Кубышов Азамат

    16

    Волейбол

    3

    27

    Теміржан Әйгерім

    Онаев Ербол

    17

    Шахмат

    4,5

    34

    Игыбаев Аманжол

    18

    Жас жол сақшылары

    3

    12

    Какенов Бауыржан

     
    Мектеп оқушыларының 2019-2020 жылдың қыркүйек айындағы жалпы үйірмемен қамтылуы
     

    Мектеп атауы

    Спорт секциялары

    Үйірмелер (мектептегі)

    Ақылы үйірмелер

    Ақылы спорт секциялары

    Жекеменшік үйірмелер

    Жекеменшік спорт секиялары

    1

    №38 МЛ

    210

    531

    162

    10

    412

    320

     
    «Global scholars халықаралық жобасының басты мақсаты мыңдаған білім алушыларды бір-бірімен сандық форматта байланыстыру", - деп атап өтті кіріспе сөзінде Global Cities, Inc сандық алмасу бағдарламаларының жетекшісі Коллин Хачатурян.
             Біздің мектебіміз осы жобаға 2 жыл бойы қатысып келеді. 2018-2019 оқу жылы біздің мектептен 2 топ, әр топта 12 оқушыдан қатысты, 4 мұғалім: Баялина Р.Е, Исмаилова Г.Ж, Ермаханова А.Д, Қален Ғ.Е жобаны жүргізген болатын. Жыл соңында қорытынды ретінде оқушыларға Халықаралық сертификат берілді. Маусым айында ЦМО жиналыс жасап біздің мектеп келесі 2019-2020 оқу жылында қатысатын болып бекітілді.
            Осы 2019-2020 оқу жылында біздің мектептен 1 мұғалім Ермаханова А.Д. 1 топ оқушылармен қатысуда. 1 топта 20 оқушы бар.
     Мектепте 5-6-7  сынып оқушыларынан құралған «Вокал» хор үйірмесі,  вокал үйірмесі жұмыс жасайды.  Бұл ұжымдар дуэт, трио, квартетпен әндер орындап, оқушылары- қалалық,  Республикалық, Халықаралық  байқаулардан жүлделі орындарды иеленді.
     Х қалалық «Ән-көңілдің ажары» атты ән байқауы өтті. Байқауға қала мектептері түгел қатысты. Осы аталған байқауға № 38 мектеп-лицейінің 5а сынып оқушысы Мукажанова Мадина қатысып, «БАС ЖҮЛДЕНІ» жеңіп алды.
             Мектебімізде әр сенбі  робототехника үйірмесі өткізіледі. Үйірмеде оқушылар LEGO MINDSTORMS Education EV3 және LEGO Digital Designer бағдарламаларында жұмыс істейді. Яғни оқушылар роботтарды құрастырып, бағдарлама орнатады. LEGO – конструктордың зияткерлік ойыншықтары оқушыларға құрастыру және модельдеу негіздерімен танысуға, конструкциялардың, механизмдер мен машиналардың негізгі ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейтуге, проблемалық жағдайларға шығармашылық тұрғыдан қарау қабілетін дамытуға, оқушылардың танымдық қызығушылығы мен ойлауын дамытуға мүмкіндік береді. Жәнеде біздің оқушылар түрлі жарыстарға барып, жүлделі орындармен марапатталады.
     Мектептегі өткізілген қоғамдық іс-шараларда, түрлі концерттерде, қалалық семинарларда, мерекелік шараларда  вокал,  хор, оркестр  үйірмелерінің оқушылары үнемі белсене атсалысып, өнер көрсетті.
       №38 мектеп лицейінде 1,2 қазан күні «Балалар жол көлік апатына қарсы!» акциясына байланысты Жас жол сақшылары үйірме жетекшісі Какенов Бауыржан мектеп инспекторы Диана Қуанышқызымен «Жас жол сақшылары» үйірмесінің оқушыларымен ашып, мектепке балаларын көлікпен алып келетін ата-аналарды күтіп алып, оларға "Жылдамдықты асырма", "Жол белгілерін жадыңда ұста", "Жол ережесін сақта!", "Телефонға алаңдама!", ""Өз өмірің өз қолыңда!", "Баланы қорғау - әр адамның міндеті", "Жол ережесін сақтағаның-өміріңді сақтағаның" деген үндеухаттар таратты.                                   
     «Қолөнер», «Асыл мұра», «Қылқалам», «Шебер қолдар» үйірмесі оқушылары көптеген қалалық, облыстық конкурстарға қатысып, жетістектерге жетуде. Үйірме барысында оқушылар қолдарынан заттар жасап, көрмелер жасалуда.Үйірме барысында оқушылар
    Мектептегі өткізілген қоғамдық іс-шараларда, түрлі концерттерде, қалалық семинарларда, мерекелік шараларда  үйірме оқушылары үнемі белсене атсалысып, өнер көрсетті.
     
    ДТІЖО                         А.А.Сагитова
                                         М.А.Курмангалиева



    Нұр-Сұлтан қаласы 
    №38 мектеп-лицейі
     
     
    Үйірме және қосымша білім беру жұмыстарының өту сапасын
     бақылау бойынша
    АНЫҚТАМА
     
    Мақсаты: Үйірмелердің өту сапасын анықтау
    Мерзімі: желтоқсан
     
     
    2019-2020 оқу жылында мектебімізде тегін 13 үйірме, спорттық 4 секция және ақылы түрде қосымша білім беру курстары мен пән мұғалімдерінің үйірмелері жұмыс жасайды.
    Үйірме жұмыстарының сағат сандары қыркүйек айында бөлініп, уақыты бекітлді.
    Тізім бойынша үйірменің уақытылы өтуі апта сайын қаралды. Тексеру барысында үйірме оқушыларының тізім бойынша келуіне ескерту айтылды.
    Үйірме жұмыстарын тексеру барысында оқушылардың қызығушылықпен келетіндігі және жұмыс нәтижесі жетістіктермен көрінетіндігі байқалды.
     
     
    Қорытынды: үйірме жұмысы өз нәтижесін көрсетіп, алдағы уаақытта республика, халықаралық деңгейге оқушыларды шығаруға негізделген жұмыс жүргізу.
     
     
     
     
     
     
     
    ДТІЖО                         А.А.Сагитова
                                         М.А.Курмангалиева
     
     
     
     
     
     
     


    Рухани жаңғыру

    Мектеп сайты ұнайма?

    Дауыс беру

    Пайдалы сілтемер