Меню KDT

logo.jpeg?_=1615537950

"№38 мектеп-лицей" КММ
  • kz
  • ru
  • Жалпы ата-аналар жиналысы



    Қыркүйек күні №38 мектеп-лицейде бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс Google Meet платформасы арқылы 4 мезгілге, сағат: 13.00, 13.40, 15.00, 15.40-қа жоспарланып, өткізілді. Мектеп директоры К.К.Әзимбай биылғы оқу жылының ерекшеліктері туралы айтып, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды. Бірінші мәселе платформалардың жұмысы, мектеп жұмыс істейтін ақпараттық платформалар, интернеттегі жұмыс қауіпсіздігі және ата-ана бақылауы мәселелеріне ерекше назар аудару туралы директордың ақпараттық істері жөніндегі орынбасары Г.С.Сеилова, оқыту форматтары (синхронды, асинхронды, аралас) туралы директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары Г.К.Иманбаева, кезекші сыныптардағы жұмыстың ұйымдастырылуы жөнінде директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Ж.Нурпеисова, оқу тапсырмаларының шекті көлемі, бағалау туралы, балаларды ынталандыру және жауапкершілігін қалыптастыру бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.О.Кобельдесова ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
    Жиналыс соңында ата-аналармен кері байланыс жүргізіліп, мектеп әкімшілігі ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Көпшілік ата-ана елдегі санитариялық-эпидемиялық жағдай тұрақталып, оқушылар дәстүрлі оқуға қайта оралуларына тілектестік білдірді. Кейбір ата-аналар оқушыларға арналған оқулық тақырыптары қиын, оқу тапсырмасы оқушыларға қажет емес деп, пікір білдірсе, көпшілігі керісінше тапсырма болуы керек, баланың қосымша жұмыс жасап, ізденгені дұрыс, ата-аналар түсіністік танытсаңыздар деп, өз ойларымен бөлісті.
    Ата-аналар тарапынан қосымша сабақтар мен ақылы курстарға ұсыныстар түсті. Чат арқылы және видео байланыс арқылы қойылған барлық сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар назарға алынды.
    Жиналыс соңында ата-аналар №38 мектеп-лицей әкімшілігіне алғыстарын айтып, осындай қиын жағдайда балаларына білім беріп жатқан ұстаздарға ризашылықтарын білдірді.

    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1383501556051848/files/%D0%96%D0%B0%D1%81%20%D1%83%D0%BB%D0%B0%D0%BD%202018/66%20-%20%D0%BA%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%8F.jpg?_t=1600417317 https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1383501556051848/files/%D0%96%D0%B0%D1%81%20%D1%83%D0%BB%D0%B0%D0%BD%202018/67.jpg?_t=1600417352

    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1383501556051848/files/%D0%96%D0%B0%D1%81%20%D1%83%D0%BB%D0%B0%D0%BD%202018/68.jpg?_t=1600420211



     

    Рухани жаңғыру

    Мектеп сайты ұнайма?

    Дауыс беру

    Пайдалы сілтемер